Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Бұл туралы Аорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.

Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.

Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.
02 шілде 2025 ж. 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031