Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада "Даму бала" платформасы арқылы кәсіпкерлерден 88 млн теңге жымқырылған

Қызылордада "Даму бала" платформасы арқылы кәсіпкерлерден 88 млн теңге жымқырылған

Күдіктілерге сот үкімі шықты.
Фото: freepik
Қызылорда қаласында балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін "оң шешіп береміз" деген желеумен ақша бопсалаған.
Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
14 тамыз 2025 ж. 778 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930