Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда жаңа мейрамхана ашылды

Ауданда жаңа мейрамхана ашылды

Ауданда кәсіпкерлік секторының дамуы соңғы жылдары жаңа белеске көтерілді. Бұған дәлел – түрлі салаларда бой көрсетіп жүрген жеке бастамалар. Солардың бірі – жуырда ғана ашылған «Royal Palace» мейрамханасы.
Жобаның авторы – тәжірибелі кәсіпкер Шалғынбек Наурызбаев. Бұған дейін мал шаруашылығы, жылыжай, өнім өндіру мен қызмет көрсету бағытында өзін дәлелдеген ол енді қоғамдық тамақтану саласына бет бұрды. Жаңа нысанның ашылуы – аудан кәсіпкерлігінің кеңеюінің бір көрінісі ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары мен қосымша салық түсімі арқылы өңір экономикасына оң әсер беретін фактор.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген мейрамхана 500 адамға арналған. Интерьері мен ас мәзірі ерекше көңіл бөлініп жасалған. Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін той, мерейтой, конференция секілді салтанатты жиындарды ұйымдастыруға қолайлы. Техникалық мүмкіндіктері жоғары деңгейде жабдықталған бұл кешен аудан халқының сұранысын толық қанағаттандырады.
Жеке кәсіпкерлік саласының дамуы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта Қазалыда бірқатар қолдау тетіктері бар. Ал «Royal Palace» сынды ауқымды жобалар сол қолдаудың нақты нәтижесі деуге болады. Жаңа нысан арқылы жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, қызмет көрсету сапасы жақсара түсуде.
«Royal Palace» – бір кәсіпкердің бастамасы ғана емес, аудан кәсіпкерлігінің әлеуетін арттыруға қосылған үлес. Қоғамға пайдалы, сұранысқа ие, әрі ұзақ мерзімге бағытталған мұндай жобалар Қазалының экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігіне айналуы тиіс.
А. ЖҮСІПОВА
12 тамыз 2025 ж. 302 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 108

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930