Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа сауда үйі ашылды

Жаңа сауда үйі ашылды

Қазалы ауданы 2000-шы жылдары сауда-саттық жөнінен екінші Түркістан атанғанын көнекөздер ажқсы біледі. Арал, Қармақшы ауданының тұрғындары киім-кешек, азық-түлікті осы жақтан тасығаны да белгілі. Қазіргі күні өңірдегі жетекші аудандардың көшін бастайды десек, бұған қосқан жергілікті кәсіпкерлердің үлесі зор. Онсызда қызмет көрсету, сапалы тауар ұсынумен айналысатын көп нысанның қатарын жақында «Marlen» сауда орталығы толықтырды. Ал өткен аптаның сенбі күні кент орталығында «AliNur» есімі берілген жаңа кәсіпкерлік нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.
Қазалылықтардың қажетіне қызмет ететін нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен бірқатар атқамінер азаматтар қатысты. Сән-салтанаты келіскен ғимараттың лентасын қиып, кәсіпкерге толағай табыс тіледі.
– Ауданда жаңа бір ғимараттың бой көтеруі – ондаған тұрғынның тұрақты жұмыспен қамтылуына, іс бастаушы жаңа кәсіпкерлердің қатары толтыруға жәрдемдесетінін жақсы білеміз. Сол себепті бұл барлығымыз үшін қуанышты жағдай. Халықтың сенімінен шығып, істеріңіз өрге домалауын тілеймін. Қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді М.Әуесұлы.
Бұдан соң сауда орталығының ашылуына келген топ ғимарат ішін аралады. Нысанның бірінші қабатында асхана жұмыс істейді. Сонымен бірге ет, көкөніс, жеміс-жидек өнімдері орналасқан. Екінші қабатында киім-кешек дүкендері, тігін шеберханасы мен фитнес-зал ашылды. Сондай-ақ, жақында бірнеше шеберді жұмыспен қамтып отырған «Elegance» сұлулық салоны әйелдер қауымына қызмет көрсетеді.
– Бұған дейін «Береке» сауда үйінде жұмыс істедім. Сұлулық салоны бойынша он жылға жуық тәжірибем бар. Өткен айда өзім жеке салон ашу туралы ойладым. Іздегенге – сұраған, осы ғимараттың екінші қабатынан сәнді орын бұйырып, нәзік жандыларға қызмет көрсетуді бастап кеттік. Ойға алған талпынысымызды жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған Шалғынбек ағамызға, игі істің ашылуына келіп, ақ тілегін арнаған аудан әкіміне айтар алғысымыз шексіз, – дейді кәсіпкер Айжан Төребай.
Айта кету керек, кезекті жаңа нысанды ауданға белгілі іскер Шалғынбек Наурызбаев пайдалнуға беріп отыр. Осылайша, әзірге 24 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Құлаққағыс болсын, ауданда өткен жылдың өзінде жаңадан 25 кәсіпкерлік нысан бой көтерді. Бүгінгі күні 6 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 пайызға көбейіп, 9366 адамды құрады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
07 ақпан 2023 ж. 520 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930