Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Долларға сұраныс төмендеді

Долларға сұраныс төмендеді

Фото: istockphoto.com
Маусым айында ақша айырбастау пунктерінің АҚШ долларын таза сату көлемі 109,4 млрд теңгені құрады. Бұл мамырмен салыстырғанда үштен бірге, ал 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда 25,8%-ға аз, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, төмендеу жартыжылдық қорытындысы бойынша да байқалды: қаңтар-маусым айларында айырбастау пункттері 707,1 млрд теңгеге валюта сатты, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға төмен. 2024 жылы, керісінше, долларға сұраныс шамамен бір жарым есе артқан болатын.

Сатылым көлемі бойынша көшбасшылар — Алматы (201,2 млрд тг), Шымкент (163,4 млрд тг) және Астана (60,4 млрд тг). Сондай-ақ жоғары сұраныс Маңғыстау (56,6 млрд тг) мен Атырау (43,6 млрд тг) облыстарында тіркелді. АҚШ валютасына ең төмен қызығушылық Ұлытау (1,4 млрд тг) мен Абай (1,6 млрд тг) облыстарында байқалды. Сонымен қатар Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында айырбастау пункттері халықтан долларды сатқаннан көбірек қабылдаған.

Сұраныстың төмендеуіне қарамастан, шілде айында АҚШ долларының бағамы тарихи рекорд орнатты. Айлық орташа көрсеткіш бір доллар үшін 528,81 теңгеге жетті — бұл маусыммен салыстырғанда 2,7%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға жоғары. 31 шілдеде бағам рекордтық 546,36 теңгеге көтерілді.

Ұлттық банктің валюталық интервенцияларынан кейін доллар арзандай бастады: 1 тамызда — 540,78 теңгеге, 7 тамызда — 536,58 теңгеге дейін. Реттеуші теңгенің әлсіреуін валюта нарығының төмен өтімділігі мен алыпсатарлық қысымның күшеюімен түсіндірді, сондай-ақ жаһандық геосаяси шиеленіс, соның ішінде АҚШ-тың сауда қақтығыстары мен мұнай нарығына әсер ететін санкциялардың ықпалын атап өтті.

11 тамыз 2025 ж. 798 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031