Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – татулық тірегі

Медиация – татулық тірегі

5 тамыз – елімізде Медиация күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда медиаторлардың ерекше рөлін дәріптеуге арналған маңызды дата.
Жуырда ауданда атаулы күн аясында кәсіби емес медиаторларға арналған кездесу ұйымдастырылды. Руханият орталығында өткен басқосу бейбітшілік пен келісімді насихаттауға бағытталды.Шарада қоғамдық тұрақтылықты сақтау ісіне белсене араласып жүрген медиаторлар марапатталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен мен сый-сияпаттары табысталды.
Жиында сөз алған Қоғамдық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Алтынбекұлы медиацияның қоғамдағы рөліне тоқталды.
– Ел ішінде түрлі келіспеушілік пен дау-дамайдың болуы қалыпты. Мұндай сәттерде екі тарапты татуластырып, ортақ мәмілеге келтіруде медиаторлардың еңбегі айрықша. Ауданда жыл басынан бері 8 дау сотқа жетпей, өзара келісіммен шешімін тапты, – деді ол.
Кездесу барысында медиация саласында белсенділік танытқан кәсіби емес медиаторлармен қатар тұрмыстық жанжалдарды шешуде үздік нәтиже көрсеткен кәсіби медиатор Бағнес Қаналы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Медиатор Байғабыл Әбсұлтанов та сөз сөйлеп, қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты сақтау жолында медиаторлардың орны ерекше екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазалы ауданында 105 кәсіби емес медиатор тіркелген. Олар күнделікті өмірде туындайтын дауларды реттеп, қоғамдағы татулықты сақтау жолында белсенді қызмет етіп келеді.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
09 тамыз 2025 ж. 24 0

Еңбекпен өрілген өмір

09 тамыз 2025 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031