Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензин бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді

Бензин бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді

АИ-92 бензинінің бағасындағы өзгеріс мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін бірден байқалды.  
Фото: depositphotos.com
Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуіне, негізсіз қымбаттауына жол берілмейтініне сендірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде бөлшек саудадағы автобензиннің бағасы АИ-92 маркасына 204-221 теңгені құрап отыр. 
– ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен ведомствоның 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығының күші жойылды. 2025 жылдың 28 қаңтарында Энергетика министрінің ЖЖМ-нің шекті көтерме және бөлшек бағаларын жою жөніндегі бұйрығы Әділет министрлігінің №35683 мемлекеттік тіркеуінен өтіп, 30 қаңтарда күшіне енді. Қаңтар айында ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанға дейін, автобензин жанар-жағармай құю станцияларындағы АИ-92-нің бағасы литріне 205 теңге және дизель отыны 295 теңге болған еді, – дейді министрлік ресми жауабында.
Осылайша, Энергетика министрлігі Үкімет пен уәкілетті органдар бағаның күрт өсуіне жол бермейтінін, ал жанармайды жеткізу саласында заңсыз әрекеттерге қатысты барынша қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді. 
– Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылда жұмыс атқарып, ақпарат алмасып отыр. Сондай-ақ, жанармай бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша барлық 20 өңірдің әкімдігі жанындағы ЖЖМ бойынша өңірлік штабтар жандандырылды, – делінген министрліктің ақпаратында.
07 тамыз 2025 ж. 304 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031