Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейді - Энергетика министрлігі

Бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейді - Энергетика министрлігі

Мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін, АИ-92 бензинінің бағасы біртіндеп өсіп келеді. Бұл ретте Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуіне жол берілмейтінін айтып отыр.Фото: Freepik
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен ведомствоның 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығының күші жойылды. 2025 жылғы 28 қаңтарда Энергетика министрінің ЖЖМ-нің шекті көтерме және бөлшек бағаларын жою жөніндегі бұйрығы Әділет министрлігінің № 35683 мемлекеттік тіркеуінен өтіп, 30 қаңтарда күшіне енді. Қаңтар айында ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанға дейін, автобензин жанар-жағармай құю станцияларындағы АИ-92-нің бағасы литріне 205 теңге және дизель отыны 295 теңге болған еді. Ал қазіргі уақытта бөлшек саудадағы автобензиннің бағасы АИ-92 маркасына – 204-221 теңгені құрады, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомствоның хабарлауынша, Үкімет пен уәкілетті органдар бағаның күрт өсуіне жол бермейді, ал жанармайды жеткізу саласында заңсыз әрекеттерге қатысты барынша қатаң шаралар қабылданады.
-Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылда жұмыс атқарып, ақпарат алмасып отыр. Сондай-ақ, жанармай бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша барлық 20 өңірдің әкімдіктері жанындағы ЖЖМ бойынша өңірлік штабтар жандандырылды, — деп аталып өткен Энергетика министрлігі ақпаратында.

07 тамыз 2025 ж. 79 0

Арнайы жиын өткізілді

07 тамыз 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031