Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік әлеуметтік қордан төлем берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Министрлік әлеуметтік қордан төлем берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Halyq Uni
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қордан төлем берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 мың теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны айтылды. Қазақстандықтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалану сұралады.

Бұған қоса жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатыны ескертілді.
18 қыркүйек 2024 ж. 163 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 160

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 148

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930