Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан армиясында суицидке бейім азаматтарды анықтайтын жүйе енгізіліп жатыр

Қазақстан армиясында суицидке бейім азаматтарды анықтайтын жүйе енгізіліп жатыр

© Photo : Минобороны Казахстана
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі – PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған жүйені ауқымды енгізу басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Инновация жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған.
"PSY-тәуекел әдістемесін қорғаныс министрлігінің әскери психологтары әзірледі. Жаңа жоба 2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сәтті сынақтан өтті. Соның нәтижесінде суицидке бейімділік белгілері бар 470-тен астам жас анықталып, олардың бәрі қызметтен босатылды немесе қосымша тексеруге жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жаңа жүйе бастапқы скринингті, терең психологиялық тексеруді және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптаманы қамтитын психодиагностиканың көп сатылы механизмі болып табылады. Негізгі мақсат – психоэмоционалды тұрақтылық тұрғысынан қарулы күштерде қызмет етуге дайын емес адамдарды шақырудан босату.
Еліміздің барлық өңірінде "PSY-тәуекел" жүйесін кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Инновация іріктеу тиімділігін арттырады, армиядағы штаттан тыс жағдайлардың санын азайтып, жас әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайтудағы маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.
06 тамыз 2025 ж. 203 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930