Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге шақырылғандардың суицидке бейімдігін енді арнайы кешеннің көмегімен анықтайды

Әскерге шақырылғандардың суицидке бейімдігін енді арнайы кешеннің көмегімен анықтайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев «Ақ-сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенінің мүмкіндіктерін айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Қарулы Күштердегі суицидтік мінез-құлыққа және басқа да девиантты мінез-құлыққа бейім адамдарды уақтылы анықтауға арналған «Ақ-сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешендерін енгізіліп жатыр. Кешенде 60-тан астам психологиялық құралдар базасы бар және ол психологиялық зерттеу нәтижелерін автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Сырттан араласуға, яғни нәтижелерді бұрмалауға жол берілмейді, фото-видео жазба жасау, сондай-ақ адамның психофизиологиялық көрсеткіштерін өлшеу жүргізеді. Кейіннен осы кешендерді әскери оқу орындарына және келісімшарт бойынша әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу барысында қолдану жоспарлануда», - деп тоқталды Дархан Ахмедиев ОКҚ-да өткен брифнгіде.
Сондай-ақ спикер 17 жастағы балаларды автоматты түрге әскери есепке қоюдан 1 млрд теңге үнемделетінін айтты.
Бұған қоса, әскерден жалтару үшін жалған анықтама жасағандар анықталған.
27 шілде 2023 ж. 201 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30