Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметке бөленген Қарлыға

Құрметке бөленген Қарлыға

Соңғы уақытта сүт безінің қатерлі ісігі – әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бірақ 65 жастан асқан әйелдерде қатерлі ісіктің пайда болу қаупі осы жасқа дейінгілерге қарағанда бірнеше есе жоғары.
Бүгінде әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі емделетінін түсінуі керек. Себебі ауруды мейлінше ерте кезеңде анықтаса, оны жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары. Заманауи терапия әдістерінің көмегімен аурудың кеш сатысында да оны жеңу жолдары да жетерлік дегенді алға тартады мамандар.
Әйтсе де науқастың өмірін ұзартатын басты талаптың бірі – ерте диагностиканың септігі мол. Сондықтан нәзікжандылар 2 жылда бір мәрте скринингтік тексеруден өту міндетті. Уақыт созбай медицина қызметкерінің шақыртуымен ағзадағы өзгерісті қадағаулау маңызды. Ерте бақылаудан өтудің нәтижесінде дертті дәл нақтылау арқасында ем тез әсер етеді дейді маммограф маман.
Қарлыға Әлімжанқызы Қазалы теміржол ауруханасына жұмысқа орналасқанына 32 жыл болды. Бала кезінен медицина саласына келуді қалаған. Асқақ арманын жүзеге асырып, Орынбордағы медицина училищесінен жалпы емдеу қызметкері маманы атанып шығады. Алғаш еңбек жолын Қызылордадан бастап, кейін Қазалы теміржол ауруханасына келеді. Мұнда қызметтік сала бойынша хирургияда, кейін өндірістік мейіргер, сосын фильтр бөлмесінде жұмыс істейдіМінезі биязы, әрі салмақты медбикені басшылар ойласа келе қайта білімін жетілдіріп, мамограф ісін жүктейді. Қазір Қарлыға қызметіне жүгінушілердің алғаусыз алғысына бөленіп жүр.
– Учаскелік дәрігеріміздің ескертуімен уақытылы тексеруден өтуді әдетке айналдырғанмын. Өйткені аурудан емделгенше, оның алдын алған абзал деген тұжырымдаманы ұстанамын. Денсаулықты түзеу өз қолымызда тек уақыт оздырмау қажет. Ал медицина қызметкері бекерден бекер бақылаудан өтуді тапсырмайды. Бұрын ер адамдар тексеруден өткізетін. Шыны керек, жасымыз біразға жетсе де қымсынып, іштей ыңғайсыздық туындайтын. Қарлыға келгелі ештеңені уайымдамаймыз. Демде қызметін көрсетіп, жылы шыраймен шығарып салады. Сол үшін де оған риза болып, тартыншақтамай ерте тексерілуден өтудеміз, – дейді қазалылық Сағира Орынова.
Қарлыға Сырлыбаева маммография құрылғысын қалай қолдану жолдарын нөлден бастап меңгерді. Аурухана жолдамасымен арнайы оқу курсына қатысып, жаңа белесті бағындыру мақсатында сертификат пен лицензияға қол жеткізді. Тұрғындарға көмек көрсеткен үш жылдың ішінде біраз тәжірибе жинақтады. Күні кеше теміржол емханасына заманауи үлгідегі жаңа жабдық алынды. Әңгіме барысында қуанышын жасырмаған маман оның ерекшеліктерімен бөлісті.
– Оңтүстік Кореяда орналасқан «DRTECH» корпорациясы шығарған сандық маммографиялық рентген жүйесі сүт безін инвазивті емес рентгендік диагностикалық зерттеуге арналған. Оның мақсаты ең алдымен, сүт безі обырын, сондай-ақ фиброцистикалық ауруды және фиброаденоманы диагностикалау болып табылады.
AIDIA – дәл диагноз қою үшін қажетті сүт безінің жоғары сапалы кескінін қамтамасыз ететін заманауи, жұмыс істеп тұрған, төмен дозалы, ажыратымдылығы жоғары цифрлық маммографиялық жүйе.
«DRTECH» әзірлеген «R-sonsole2» интерфейсінің түпнұсқалық бағдарламалық жасақтамасы және TRUVIEW® ART (кескіннің айқындылығын арттыру алгоритмі) диагностиканың өнімділігі мен дәлдігін жақсартуға арналған тамаша шешімдерді ұсынады. Қарапайым және қолдануға ыңғайлы интерфейс дизайнымен және қуатты бейнелеу бағдарламасымен жоғары сапалы және анық кескіндермен дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
TRUVIEW® ART, бірегей және патенттелген «DRTECH» кері сүзу технологиясы, микрокальцификацияны қоса, ауытқуларды анықтау мүмкіндігін арттыру үшін кескіннің анықтығын қалпына келтіреді және жақсартады.
Қолмен және механикаландырылған қысуды қолдану, сүт бездерінің біркелкі қалыңдығын қамтамасыз етеді. Сәулелену сәулесінің дисперсиясын азайтады. Сәулелену дозасын кемітеді. Контурларды, түзілу тығыздығын талдауға, жұлдыз тәрізді құрылымдарды анықтауға, микрокальцинаттардың болуы және локализациясы мен маммографиялық бейнелердегі кескіннің айқындылығын жақсартады. Бұл аппаратпен күніне 15-20 әйелді түсіремін, – дейді Қарлыға Әлімжанқызы.
Маманның айтуынша, аталған аппараттың артықшылықтары мол. Яғни жетілдірілген AEC (Экспозицияны автоматты басқару) – дозаны қауіпсіз және дәл автоматты басқару. Науқастың кеуде түріне сәйкес қалыңдығы мен тығыздығын ескеретін қосарлы өлшеу әдісін қолдана отырып, біркелкі, 3D, жоғары сапалы маммографиялық кескіндерді алу үшін оңтайлы доза автоматты түрде есептеледі.
Автоматты позициялау – қажетсіз операциялық қадамдарды азайту. Пациентті тіркеу кезінде позицияны автоматты түрде өзгерту функциясы орнатылған. Науқастың кеуде қуысының биіктігі туралы ақпаратты сақтап, келесі зерттеу позициясын тез және оңай орнатуға болады.
Кіріктірілген генератор – шудың төмен деңгейі және кеңістікті үнемдеу. Кіріктірілген генератордың арқасында «AIDIA» шағын кеңістіктерге оңай орнатылады. Себебі бөлек генератор бөлмесінің қажеті жоқ. Бұл генератордың шуын және бөлменің қызуын азайтады, скрининг жағдайларын жағымды етеді.
Премиум рентген түтігі – Вольфрам түтігімен рентген сәулесінің шығуының жоғары сапасы мүмкін. Сүт бездерінің ауытқуларын анықтау жылдамдығын арттыру үшін сүт бездерінің ең жақсы сапалы диагностикалық кескіндерін қамтиды.
Төмен дозалы, жоғары сапалы кескіндерді шығару үшін қос сүзгіні ауыстыру. Қос сүзгі технологиясының арқасында сүзгі пациенттің кеуде сипаттамаларына сәйкес автоматты түрде реттеледі. Әрқашан төмен дозада және жоғары сапада оңтайландырылған кеуде кескіндерін қамтамасыз етеді.
Пластинаны автоматты түрде тану арқылы автоколлимация – пайдаланушының жұмыс үдерісі жеңілдетілген. Өйткені коллиматорды орнату автоматты түрде, қысу батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Үлкейтілген кескіндерді шығаруға арналған жұмыс процесі әлдеқайда тиімді.
Бірнеше сатылы пластинаны қысу – ауырсыну мен ыңғайсыздықты азайту. Қысудың қысқа уақыты суретке түсіру кезінде ауырсыну мен ыңғайсыздықты азайту арқылы науқастың мазасыздығын басады.
– Маммография – сүт бездерінің ауруларын, әсіресе қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған рентгендік зерттеу әдісі. Аталмыш процедура төмен дозалы рентген сәулелерін пайдаланып, сүт безі тіндерінің егжей-тегжейлі суреттерін түсіреді. Маммография сүт безі қатерлі ісігінен өлім-жітімді азайтуда шешуші рөл атқарады. Ол ауруды симптомдары пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді.
Ескірген технологияда рентген кескіндері пленкаға түсірілетін. Қазіргі кезде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Сандық маммография – бүгінгі стандарт. Рентген кескіндері цифрлық детекторлар арқылы алынып, компьютерге сақталады. Сандық кескіндерді өңдеу, үлкейту және бөлісу оңайырақ. Олар сондай-ақ дәстүрлі пленкалық маммографияға қарағанда жоғары сапалы кескіндерді және аз сәулелену дозасын қамтамасыз ете алады, – дейді Қ.Сырлыбаева.
Қарап отырсақ, маманның жылдам қимылының нәтижесінде орындалатын зерттеулер, сүт безінің денсаулығын бақылауда және қатерлі ісікті ерте анықтауда маңызды. Сондықтан өз ісіне жетік майталманның кеңесі бойынша жылдағы профилактикалық тексеруден өтуді кейінге қалдырмаған жөн.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

02 тамыз 2025 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031