Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: басты жаңалықтар мен маңызды реформалар

1 тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: басты жаңалықтар мен маңызды реформалар

Тарифтер көтеріледі, заңнамалар жаңарып, әлеуметтік және экономикалық бастамалар жүзеге асады.
Фото: PixabayФото: Pixabay

2025 жылдың 1 тамызынан бастап елде бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Тарифтер көтеріледі, заңнамалар жаңарып, әлеуметтік және экономикалық бастамалар жүзеге асады. Сонымен қатар мәдени іс-шаралар мен халықаралық байланыстар да назардан тыс қалмайды. Назарларыңызға ең өзекті өзгерістерді ұсынамыз.
Электр энергиясы мен автогаз бағасы өседі
Шымкент пен Түркістан облыстарында электр жарығы үшін жаңа тарифтер енгізіледі:
– Халық үшін – 26,64 ₸/кВт·сағ
– Коммерциялық тұтынушылар – 44,75 ₸
– Бюджеттік ұйымдар – 74,08 ₸
– Арнайы аймақтар үшін – 38,42 ₸
Сонымен қатар сұйытылған газдың шекті бағасы көтерілді:
– Көтерме баға: 59 722 ₸/тонна
–  Бөлшек баға: 7–10 ₸/литр (өңірге қарай)
АҚШ Қазақстан экспортына 25% баж салығын енгізеді
1 тамыздан бастап АҚШ тарапынан бірқатар қазақстандық өнімдерге 25% мөлшерінде кедендік салық салынбақ. Мұнай, уран және металдар бұл тізімге кірмейді. Алайда фосфор, бидай клейковинасы мен оптикалық линзалар сынды өнімдерге әсер етуі мүмкін. Жаңа үйлерге қолма-қол төлеуге тыйым салынады Енді құрылыс кезеңіндегі пәтерлерге төлем тек банк арқылы жүзеге асады. Мақсат – үлескерлердің құқықтарын қорғау және қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету.
ChatGPT Plus жазылымы қымбаттайды
OpenAI Қазақстандағы қолданушылар үшін НДС енгізіп, жазылым бағасын $22.40-қа көтереді. Бизнес субъектілері БСН енгізу арқылы салықтан босатылуы мүмкін.
Ұлттық ауылшаруашылық санағы басталды
1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде ауылшаруашылық санағы өтеді. Сауалнама фермерлер мен ауыл тұрғындарын қамтиды. Барлық мәліметтер құпия сақталады.
«Қазахтелеком» архивтік тарифтерді жаңартады
«Практичный», «Базовый» және «Керемет 2» тарифтері өзгертіліп, интернет пен минуттар көлемі артты. Бағасы 2 098 ₸ мен 2 600 ₸ аралығында.
Қосымша ҰБТ өткізіледі
10–20 тамыз аралығында талапкерлер қосымша ҰБТ тапсыра алады. Пәндер комбинациясын өзгертуге мүмкіндік бар.
SCAT Алматы – Минск рейсін іске қосады
10 тамыздан бастап SCAT әуе компаниясы жаңа халықаралық бағытты ашады. Ұшулар аптасына екі рет орындалады.
Дженнифер Лопес Қазақстанда концерт өткізеді
1 тамыз – Астанада, 10 тамыз – Алматыда әлемдік деңгейдегі концерттер өтеді. Билет бағасы – 40 000–180 000 ₸. Бюджетке салық түсімі – 400 млн ₸ дейін.
Beeline аударымдарына комиссия енгізеді
Beeline қосымшасы арқылы басқа операторларға ақша аударғанда 0,5% комиссия ұсталады.
Спортқа қатысатын балаларға жас шектеуі енгізіледі
146 спорт түрі бойынша қатысудың ең төменгі жасы бекітілді.
Мысалы:
  • Батут, гимнастика – 5 жастан
  • Бадминтон – 6 жастан 
  • Велоспорт – 13 жастан.
Абайдың 180 жылдығы атап өтіледі
Семей мен Абай облысында 1–10 тамыз аралығында 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Abay Academy платформасы іске қосылып, концерттер, айтыс, марафондар өтеді. Жүлде ретінде – 9 көлік пен 90 жылқы қарастырылған.
Конституция күніне байланысты ұзартылған демалыс
30 тамыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні 1 қыркүйекке (дүйсенбі) ауыстырылады. Осылайша 5 күндік жұмыс кестесімен жүргендер үшін үш күн қатарынан демалыс болады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек.
Тамыз айындағы ауа райы
Ай басында найзағай мен жауын-шашын күтіледі. 2 тамыздан бастап ауа температурасы төмендейді. Жамбыл, Түркістан, Алматы, Абай, Қарағанды және Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі сақталады.
01 тамыз 2025 ж. 276 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031