Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы көтеріледі

1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы көтеріледі

Фото: Freepik
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Көкшетау қаласында электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы "Көкшетау Энерго" ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тарифтер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілген.
Бағаның өсуіне электр энергиясын таратушы ұйымдар тарапынан көтерілген құн әсер еткен.
Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін орташа сату тарифі 1 киловатт-сағатқа 29,89 теңгені құрайды. Сараланған тарифтер мынадай:
Бірінші деңгей (айына бір адамға 100 кВт/сағ дейін) – 26,79 теңге (бұрын – 25,47 теңге);
Екінші деңгей (100–190 кВт/сағ) – 35,87 теңге (бұрын – 34,19 теңге);
Үшінші деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары) – 44,83 теңге (бұрын – 42,74 теңге).
Сонымен қатар, тұрмыстық емес мақсатта тұтынатын заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф 52,91 теңге болып белгіленді.
Ал ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жылыжайлар, диірмендер, нан зауыттары, мал және құс шаруашылығы кәсіпорындары) үшін тариф – 44,58 теңге/кВт·сағ деңгейінде бекітілді.
30 маусым 2025 ж. 245 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 147

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 139

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930