Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік тамыздан бастап сұйытылған газдың бағасын көтеруді ұсынды

Министрлік тамыздан бастап сұйытылған газдың бағасын көтеруді ұсынды

Қазақстанда СМГ бағасы ТМД елдері арасындағы ең төмен деңгейде қалып отыр.
Фото: PixabayФото: Pixabay

2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі елде сұйытылған мұнай газының бағасын 1 тамыздан бастап көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Бағаны түзету қажеттілігі сұйытылған мұнай газын өндірудің шығындылығының сақталуына байланысты туындап отыр. Қазіргі таңда сұйытылған газ өндірудің өзіндік құны тоннасына 70–80 мың теңге аралығында болса, зауыттар үшін белгіленген шекті көтерме баға — 51 932 теңге", - делінген министрлік хабарламасында.
Осыған байланысты зауыттарда жаңғырту мен жоспарлы жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат жетіспеуде. Өндірістің шығынды болуына орай сұйытылған газ өндіруге қызығушылық төмендеп, зауыттар табысы жоғары өнімдерге көшіп жатыр. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
Жобада көрсетілгендей, шекті көтерме баға тоннасына 59 722 теңгеге дейін өседі. Аймақтық ерекшеліктерге байланысты бөлшек саудадағы баға 7–10 теңгеге қымбаттауы мүмкін.
Министрлік сонымен қатар Қазақстанда сұйытылған газ тұтыну көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті – 2022 жылы 1,8 млн тонна болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,4 млн тоннаға жеткен. Сарапшылардың болжамынша, 2025 жылы сұраныс 2,6 млн тоннаға дейін өсіп, тапшылық 30–40% деңгейіне жетуі мүмкін.
Жоспарланған қымбаттауға қарамастан, Қазақстанда СМГ бағасы ТМД елдері арасындағы ең төмен деңгейде қалып отыр, дейді Энергетика министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, бұл шаралар ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге және газ өңдеу саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

19 шілде 2025 ж. 286 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 180

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 129

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930