Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында нашақорлыққа қатысты қылмыс көбейген

Қызылорда облысында нашақорлыққа қатысты қылмыс көбейген

Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі тәркіленді
Қызылорда облысында нашақорлыққа қатысты қылмыс көбейгенФото: Halyq Uni
Қызылорда облысында нашақорлыққа қарсы бір айлық акция өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 345 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 23% өсім байқалған. Сонымен қатар, биыл есірткі өсімдіктерін анықтау мақсатында жүргізілген рейд барысында 54 есірткі плантациясы анықталып, олардың көзі жойылды.
Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі заттары алынып, 11 ірі есірткі алқабы жойылды. 2 трансұлттық ұйымдасқан топ және ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 2 халықаралық және 7 аймақаралық есірткі тасымалдау арналары анықталып, жолы кесілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Әлеуметтік желілерде 304 синтетикалық есірткі арнасына тосқауыл қойылып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы оларды сатуды жарнамалайтын сайттар бұғатталды.
Құқық қорғау органдары, жергілікті билік пен еріктілердің бірлесуімен жалпы 56 граффити жойылып, есірткі жарнамалары бойынша 18 қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараға әкімдіктердің жанындағы коммуналдық мекемелердің 50-ден астам қызметкерлері тартылды.


26 желтоқсан 2024 ж. 209 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 275

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930