Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді

Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді

Бір жыл ішінде елімізде жаңа көліктің құны 21,3%-ға өсті
Қазақстанда көлік бағасы ЕАЭО елдері арасында рекордтық деңгейде көтерілді
Фото: © freepik.com
2025 жылдың маусым айында Қазақстанда автокөлік өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға қымбаттады. Бұл ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Data Hub телеграм каналына сілтеме жасап.
Зерттеуге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінде бағаның өсуі айтарлықтай төмен болды. Мәселен, Ресейде автокөлік бар болғаны 1,4%-ға, Қырғызстанда – 0,2%-ға қымбаттады, ал Армения мен Беларусьте 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда көлік бағасы төмендеді. ЕАЭО-да орташа өсім 2,2%-ды құрады.
Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында автокөліктер 9,3%-ға қымбаттаса, Ресейде 2,8%-ға қымбаттады. Одақтың басқа елдері айтарлықтай өзгерістерді тіркеген жоқ.
«Біз жаңа көліктер құнының күрт өскенін байқап отырмыз. Олар бір жыл ішінде 21,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге ескі көлік бағасы төмендеді», - деп атап өтті Бірінші кредиттік бюро.
Сонымен қатар Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасы ең көп қымбаттаған. Ал азық-түлік тауарларының бағасы бірқалыпты өскен, тіпті одақтық орташа деңгейден төмен болды.


31 шілде 2025 ж. 270 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031