Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майдангерге медициналық көмек көрсетілді

Майдангерге медициналық көмек көрсетілді

Бүгінде 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров күнделікті Тереңөзек кентінің көшелерінде жаяу жүруді әдетке айналдырған. Күніне 2 шақырым қашықтыққа жаяу жүретін майдангер саламатты өмір салтын берік ұстанады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов бастаған медицина мамандары қарт майдангердің үйіне арнайы барып, денсаулық жағдайын тексерді. Сала мамандарының қатарында дәрігер Айжан Ибраева, емхананың «Жалпы тәжірибелік» бөлімінің аға мейірбикесі Гүлзада Мырзабекова, ем-шара кабинетінің мейірбикесі Ақмоншақ Садақбаева бар. Сонымен қатар ізгілігі мол іске аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Сәуле Сыздықова мен БАҚ өкілдері куә болды.
Ең алдымен, дәрігер Айжан Ибраева майдангердің қан қысымын өлшеп, денсаулық жағдайын жіті тексерді. Ал мейірбикелер қазыналы қарттан қан алып, саламатты өмір салтын ұстануға қатысты кеңес берді.
– Майдан даласында зұлмат соғыстың бел ортасынан табылып, жаудың бетін қайтара білдік. Соғыс жылдары небір тауқыметті күндерді бастан өткеріп, елді, жерді қорғауға күш салдық. Кеудемізді оққа тосқанда тек жауға қарсы тұруды ойладық. Сырдария аудандық ауруханасының ұжымына дән ризамын. Бүгін шаңырағыма келіп, денсаулығымды тексеріп, жағдайымды жан-жақты бағдарлауда. Ақ халатты абзал жандарға ақ батамды беремін, – деді майдангер.
Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров 1922 жылы Тереңөзек ауданының бұрынғы Ақтүйе (қазіргі Қараөзек) елді мекенінде дүниеге келген. Майданнан 1945 жылы аман-сау елге оралып, еңбекке араласқан. Ардагер ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан соғысы» І-ІІ дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
– Майдангер, жеңісті күндерді жақындатқан Яхия Тасыров атамыз аудандық емханаға қарасты №20 аймақтың емделушісі саналады. Қазіргі уақытта дәрігерлер тарапынан қазыналы қарттың денсаулығын жақсартуға байланысты ем-шара жүргізіліп тұрады. Дәрігерлер ұдайы үйіне келіп, майдангерге медициналық қызметтің бірнеше түрін көрсететін болады, – деді бас дәрігер.
30 шілде 2025 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031