Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков төрағалық етті. Отырыс барысында екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев хабарлама жасады. Ол партияның сайлауалды бағдарламаны іске асырудың өңірлік Жол картасындағы аудан қатысы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, есепті кезеңде «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 1071 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Оның ішінде 892 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 72 адам жастар тәжірибесіне, 62 адам «Күміс жас» жобасына жіберілген. Қайтарымсыз грантты 73 адам алып, өз кәсібін бастаған. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламалары 88,4 пайызға орындалса, жастарды жұмыспен қамту бойынша 5 78 жас жұмысқа орналастырылып, жоспар артығымен орындалған.

Келесі мәселе бойынша Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев суға шомылу маусымы мен өрт қауіпті кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар туралы тоқталды. Ауданда суға шомылуға рұқсат етілген бір ғана орын белгіленіп, 10 қауіпті орынға тыйым салынған. Сонымен қатар, аудан аумағында суға түсуге тыйым салынған жерлерге 21 билборд пен 46 ескерту тақтайшасы орнатылған. Белгіленбеген жерлерде суға шомылғандар ҚР ӘҚБК 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған. Су айдындарында күнделікті рейдтер жүргізілуде. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 21 билборд орнатылып, тұрғындарға жадынамалар таратылған.

Комиссия мүшелері отырыс барысында көтерілген екі мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инфрақұрылымды бейімдеуді жеделдету, суға шомылу маусымында түсіндіру жұмыстарын күшейту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүйелі жүргізу бағытында. Осы ұсыныстар негізінде тиісті мекемелерге орындауға бағытталған қаулылар қабылданып, бақылауға алынды.

#AMANAT
18 шілде 2025 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031