Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда орман өрттерінің 96 пайызы адамның кесірінен болған

Түркияда орман өрттерінің 96 пайызы адамның кесірінен болған

Жыл басынан бері ел аумағында тіркелген 4 247 орман өрті оқиғасының 96 пайызы адам факторынан туындаған.
Фото: travelpress.kz
Түркия халқы табиғатқа немқұрайлы қарайтын кей азаматтардың кесірінен зардап шегіп отыр.Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған 28 шілдеде Анкарада өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір жағдайда орман алқаптарына қасақана өрт қою және саботаж әрекеттері де тіркелуде.
– Өрттің туындауына себепкер болған әрбір адам заң алдында қатаң жауап береді, – деді Ердоған.
Сондай-ақ Президент өткен жылдың соңғы 145 жыл ішіндегі ең ыстық жыл болғанын еске салды.
– Қатты ыстық, ылғалдың аздығы және қатты жел орман өртінің қаупін күшейтіп отыр. Осыған байланысты біз барлық қажетті шараларды қабылдадық. Қазіргі таңда Түркия ормандары тәулік бойы 14 дрон және 776 бақылау мұнарасы арқылы бақыланады. Бұл жүйе өрт ошағын орта есеппен 2 минут ішінде анықтап, 10–11 минут ішінде өрт сөндіру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, – деді Ердоған.
Оның айтуынша, Түркия — орман мониторингінде дрон технологиясын ең белсенді қолданатын екі елдің бірі.
Сонымен қатар Түркия Президенті өңірлік дағдарыстар мен соғыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған елдің күш-жігерін де атап өтті.
– Ел шекараларына жақын аймақтардағы дағдарыстар ушығып барады. Анкара бұл мәселелерді шешу үшін бар күшін жұмсап келеді. Ресей мен Украина арасындағы соғысқа келсек, біз алғашқы күннен бастап бейбітшілікті қолдап келеміз. Бұл соғыс мүмкіндігінше тез тоқтауы тиіс, – деді Түркия басшысы.

29 шілде 2025 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031