Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда халықтың орманға баруына тыйым салынды

Түркияда халықтың орманға баруына тыйым салынды

Елдегі 47 провинцияда орман алқаптарына баруға шектеу қойылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фото: Reuters
Түркияның орман өрттерімен күрес жөніндегі комиссиясы 2025 жылдың 30 қарашасына дейін елдің 47 провинциясында орман алқаптарына баруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Бұл шешімді Түркияның ондаған провинциясының губернаторлары қолдап, метеорологиялық болжамдарды саралағаннан кейін мақұлдаған.
Комиссия шешіміне сәйкес, Түркияның кейбір өңіріндегі аномальді ыстық пен орман өрттері қаупіне байланысты мынадай аймақтарда орманға кіруге тыйым салынды: Қаратеңіз жағалауындағы 11 провинция, Мәрмәр теңізі өңіріндегі 10 провинция, Эгей теңізі бойындағы 8 провинция, Жерорта теңізі аймағындағы 8 провинция, Анатолияның оңтүстік-шығысындағы 3 провинция, Шығыс Анатолиядағы 2 провинция және Орталық Анатолиядағы 5 провинция.
Кейінгі күндері Түркияның бірнеше провинциясында, соның ішінде Измир мен Сакарья аудандарында өрт сөндірушілер орман өрттерімен күрес жүргізіп жатыр.
29 маусым 2025 ж. 294 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031