Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Канададағы өрт 5,5 млн гектар орманды күлге айналдырды

Канададағы өрт 5,5 млн гектар орманды күлге айналдырды

Өрттің ең қауіпті ошақтары елдің батыс аймақтарында шоғырланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: @dwglavnoe
Deutsche Welle мәліметінше, Канадада биыл басталған өрт салдарынан 5,5 миллион гектардан астам орман жойылды. Бұл – шамамен Хорватия мемлекетінің аумағына тең жер көлемі. Елдің Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Канадада үш мыңға жуық орман өрті тіркелген, олардың 560-ы әлі де сөндірілмеген.

Мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Канаданың астанасы Оттава халықаралық көмекке жүгініп, қазіргі таңда ел аумағында АҚШ, Жаңа Зеландия, Аустралия, Коста-Рика және Мексикадан келген 533 өрт сөндіруші жұмыс істеуде.

Мамандар өрттің өршуіне аптап ыстық пен ұзаққа созылған қуаңшылық себеп болғанын айтады. Соңғы жылдары Канадада климат ғаламдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жылдам жылып жатыр. Қыс мезгілі қысқарып, қар аз түсіп, ал жазғы аптап ерте басталуы орман өрттерінің жиілеуіне әкеп соғуда.
20 шілде 2025 ж. 235 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930