Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарқынды инфрақұрылым

Қарқынды инфрақұрылым

Инфрақұрылым – ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі. Бүгінде аймақтың, ауданның, ауылдық елді мекендердің дамуына ерекше мән беріліп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарды таза ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісінің бірі – инженерлік инфрақұрылым. Бұл сектор халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтық дамуды теңестіруге және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Инженерлік инфрақұрылым – елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізі. Ол көлік, энергетика, су және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен тұрады. Есіңізде болса, ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойған еді. Соның ішінде ірі инфрақұрылымдық бастамалар айтылды. Президент айтқан салалар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу және жаңғырту, баспана құрылысы, жолдарды жөндеу және газдандыру болатын. Жауапты министрліктер осы бағыттардың әрқайсысы бойынша тиісті жұмысты бастап кетті. Алда нақты көрсеткіштер бар және ол бойынша барлық мемлекеттік орган, әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес компаниялар тартыла бастады. Жалпы Қазалы ауданындағы инженерлік инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың легі қандай?

Ауданның инфрақұрылымын дамыту мәселесі әрдайым басты назарда тұрады. Себебі, жер кезегінде тұрған тұрғындардың саны жылдан жылға артып келеді. Биыл Қазалы ауданында құрылыс саласы ерекше қарқын алып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандардың саны артып, сапалы жаңартулар жүргізіліп жатыр. Биылғы 6 айдың ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 5,6 миллиард теңгеден асты. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін көрсетеді. Тұрғын үй құрылысы бойынша 22 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді. Өткен жылы 2 пәтерлі 74 тұрғын үй салынып, 148 отбасы баспаналы болса, биыл тағы 50 тұрғын үйдің құрылысы басталып, жыл соңына дейін 100 отбасыға жаңа пәтер табысталмақ. Жыл басында прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Қарлан» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы қайта басталды. Қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Вокзал жанындағы теміржол өткелі де қайта салынып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінде, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Аудан орталығы мен ауылдарда демеушілік есебінен спорт және ойын алаңдары салынып жатыр. Бұл нысандар халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде ауданда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Осы жерден 2-ші бетке
Бүгінде аудандағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұған дейін Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы басталды. Биыл Қазалы жұртшылығы үшін қуанышты жаңалықтар жылы болмақ. Кардиология және инсульт орталығында МРТ және КТ аппараттары орнатылады. Соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал ететін болады. Аудан халқына жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жоба бойынша кардиология және инсульт орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін онда бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, тиісті мамандардың білімі жетілдірілмек. Осындай соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі мен жаңа қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал ететін болады. Одан бөлек, өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында 25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа қызмет етуде.
Соңғы жылдары өңірде жол құрылысы жұмыстары қарқын алды. Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды. Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға, күрделі және орташа жөндеуге бюджеттен 1 633,9 миллион теңге қаржы бөлінді.
Оған 20,6 шақырым болатын «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл» және тағы 224 метр жол, 4,9 шақырымдық 4 көше, Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қазалы қаласының 15 көшесі, Оған қоса 3,1 шақырым болатын Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр көшелері күрделі жөндеуден өтіп, 6,16 шақырым болатын 26 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Аудан орталығының көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы да тұрғындар жиі көтеретін мәселенің бірі. Өткен жылдан бері Жанқожа батыр көшесі мен Т.Бөріқұлақов және Қ.Пірімов көшелерінің қиылыстарына жол айрықтары салынып, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңарды. Қ.Пірімов көшесінен «Қазалы» мәдени-демалыс кешеніне дейін және Р.Бағланова көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынса, Ақарық каналынан аудандық емханаға дейінгі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
2025 жылы аудан орталығын абаттандыру мақсатында аудандық бюджет есебінен қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешені, Орталық алаң, теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері сынды орындар бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды. Жалпы ауданда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының ішіндегі ең ауқымды жұмыстардың бірі – Қазалы мәдени-демалыс кешені. Жалпы аумағы 20 гектарды құрайтын бұл кешен облыс бойынша ең үлкен саябақтардың бірі болып саналады. Кешен жалпы екі бөліктен тұрады. Отбасылық демылыс саябағы және Жеңіс саябағы. Мәдени-демалыс кешенде «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары және отбасылық мейрамханалар мен тамақтану, демалыс орындары, спорт және балалар ойын алаңдары, атракциондар, аквапарк, субұрқақтар, жасанды көлшік сынды тағы басқа да нысандар бар.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған саябақ ендігі аудан тұрғындарымен қонақтарының салауатты өмір салтын ұстануына, отбасы мүшелерімен бірге тиімді уақыт өткізуіне мүмкіндік беруде.
Биыл наурыз айында Жанқожа батыр ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бүгінде білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім мен жарқын болашақтың даңғыл жолын ұсынып отыр.
2024-2025 оқу жылында мектепте 296 оқушы және 20 мектеп алды даярлық тәрбиеленушілері білім алды. Мектепте 46 педагог қызмет атқарады: 7 педагог-зерттеуші, 29 педагог-сарапшы, 9 педагог-модератор, 1 педагог-тағылымдамашы.
Оқушылар оқу жылында түрлі деңгейдегі білім, өнер және спорт сайыстарына қатысып, керемет нәтижелер көрсетті. Олар 71 аудандық, 13 облыстық, 7 республикалық олимпиада, байқау және спорттық жарыстарда жүлдегер атанды. 11 сыныпты 17 оқушы бітірді, оның 4-еуі «Алтын белгі» иеленіп ҰБТ-да ең жоғары ұпай 133 балл иеленді. Заманауи құралдармен толық жабдықталған 23 оқу кабинеті, «STEM», робототехника, хореография бөлмесі, спорт залы, кітапхана және асхана оқушылардың сапалы білім алуына қызмет жасайды. 264 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Жайлы мектептің жаңа оқу жылына алға қойған басты мақсаты – әр балаға сапалы білім мен қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыра отырып, ауыл мектебін үздік білім ордасына айналдыру.
Айта кеткен жөн, биыл аудандағы Ж.Жабаев атындағы №234 мектепке күрделі және №70, 88, 95, 98, 216, 165, 249, 266 сынды 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарланып отыр. 8 мектепке жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 372 миллион теңгеге қаржы қаралса, Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 457,1 миллион теңге бөлінді.
Бұдан бөлек, биыл Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына жаңадан ойын алаңы салынды.
2022 жылы Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы басталған болатын. Алайда мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС-інің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтады.
Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан өткен жылы сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі анықталды.
Бүгінгі таңда облыс әкімнің қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды атқаруда. Айта кетейік, Қарлаң көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек. Құрылыс жұмыстары келер жылдың аяғына дейін толықтай аяқталады деп жоспарлануда.
Ауданда 2024 жылы Абай және Ақтан батыр ауылдары көгілдір отынға қосылса, бүгінде Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендеріне магистральды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл аталған елді мекендерді көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, бүгінде Ақсуат, Байқожа, Өркендеу, Бірлік және Қожабақы ауылдарына газ жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті министрлікке жолданған.
Ауданда бүгінде автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды. Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға бюджеттен 1 633,9 миллион теңге қаржы бөлініп, «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл», аудан орталығында Әйтеке би, Жанқожа батыр, Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр және Қазалы қаласының 15 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал биыл «Ауыл – ел бесігі» және «Кіші қалаларды дамыту» жобалары аясында Әйтеке би кентінің 13 көшесі асфальтталып, 6 көшесіне қиыршық тас төселеді, ал Қазалы қаласының 10 көшесі, Басықара, Қарашеңгел, Ақжона ауылдық округтерінің 4 көшесі асфальттанады. Бұдан бөлек Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кететін жайт, жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтталған, 82,4 шақырымына қиыршық тас төселген және 33,5 шақырым топырақты жолдар.
Биыл Қазалы ауданында Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған спорт кешендері мен ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толықтай аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар өңірде елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы қыркүйек айында толықтай аяқталып, Қазалы ауданының халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Елде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету ісі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Өйткені қысы-жазы су тасып не құдықпен күнелтіп отырған шалғай ауылдар әлі де бар. Ал оған тозығы жеткен орталықтандырылған ауыз су жүйесін қосыңыз. Жалпы 2025 жылға дейін халықты таза ауыз сумен 100 пайыз қамту көзделген. Осы бағытта аймақтарда белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Биыл Қазалы ауданының халқы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады.
Ауызсумен қамту бойынша өткен жылы екі елді мекенге (Ажар, Жұбан) су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Биыл Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы қыркүйек айында толықтай аяқталғаннан кейін, Қазалы ауданы халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Тиісті сала басшылары аудан халқын ауыз сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жобаларды жыл соңына дейін сапалы аяқтауды көздеуде.
Қазір ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамту үшін жалпы құны 1,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш жобадағы Шәкен, Сарбұлақ, Шилі және Шитүбек елді мекендері орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылғаннан кейін аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ. Бүгінде елді мекендердегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сапалы қызмет көрсетуде ешқандай мәселе болмай, барлық нысандарға мониторинг жасау жолға қойылған. Аудан бойынша тозығы жеткен су нысандарына, мұнараларға жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Айта кеткен жөн, биыл Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2 мыңға жуық елді мекенде орталықтандырылған сумен қамту және тазарту жүйелері салынады. Бұл ауылдарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Сонымен қатар, жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Сумен қамтамасыз ету және оны үнемдеу мақсатында 120 магистралды каналдар қайта құрылады. Алты аймақта 9 су қоймасы салынады.
Электр энергиясымен қамтуға қатысты айтар болсақ, өткен жылы ауданда 3 жоба жүзеге асты. Биыл Қазалы қаласы мен Қожабақы ауылының электр желілерін жаңартуға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы басталды. Осылайша биыл тозған желілерді 62,5 пайыздан 58 пайызға төмендетпек.
Қазіргі уақытта ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы нарықтық қатынастарға сәйкес қарқынды дамып келе жатқанын аңғаруға болады. Нарық жағдайында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – шешілмей қалған мәселелерді реттеп, аудан экономикасын жақсартуға сеп болмақ. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуымен қатар жаңа технологиялар мен материалдарды, жылумен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту, инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу және реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы сумен жабдықтау объектілерін өмір сүрудің жоғары сапасына қол жеткізуді мақсат етілуі көрсетілген. Сол үшін аймақтағы инфрақұрылымды басқаруды жетілдіру – маңызды қадамдардың бірі болып қала бермек. Жүйелі жұмыс бар жерде жоғары көрсеткіш пен жемісті нәтиже бары анық.
Айнұр ӘЛИ
29 шілде 2025 ж. 147 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031