Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен ауырғандардың есте сақтау қабілеті нашарлайды: Ғалымдар мұның себебін анықтады

Коронавируспен ауырғандардың есте сақтау қабілеті нашарлайды: Ғалымдар мұның себебін анықтады

Фото: Pixabay.com

Калифорния университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 вирусы миға тез еніп, Альцгеймер сияқты аурулар тудыратынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Genomic Press (GenPress) журналында жарияланған зерттеу коронавирустың салдарын көрсетті.
"Тәжірибе барысында COVID-19-дан мерт болған науқастардың көз тор қабығының тіндері мен діңгекті жасушалардан өсірілген зертханалық көз торының органоидтары зерттелді. Зерттеуде вирустың жасушаларға енуі үшін пайдаланатын екі ақуызға – нейропилин-1 (NRP1) және ACE2 ақуыздарына ерекше назар аударылды", – делінген зерттеуде.
Талдау нәтижелері NRP1 ақуызының бұрын COVID-19-бен ауырған науқастардың нейрондары мен глиалды жасушаларында белсенді түрде кездесетінін көрсетті. Бұл вирус миға, соның ішінде көз арқылы да ене алады. Сонымен қатар COVID-19-ға дейін деменция белгілері болмаған адамдардың миынан аурудан кейін нейродегенеративті өзгерістермен байланысты бета-амилоид ақуызының шөгіп қалуы анықталған.
"Зерттеу барысында NRP1 ақуызының жұмысын бөгейтін препарат қосылғанда, тіндердегі бета-амилоидтың концентрациясы өспейтіні байқалды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық COVID-19-бен ауырған кейбір адамдарда кездесетін “мидың тұмандануы” және басқа да неврологиялық салдарлардың алдын алуға көмектесетін жаңа емдеу тәсілдерін жасауға жол ашады", – деді ғалымдар.
Еске салсақ, коронавирус жұқтырған адамдар 50% жиірек және ұзақ уақыт ауыратыныайтылған еді.
27 шілде 2025 ж. 192 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930