Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтады.
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда алдағы жексенбіде, 2025 жылғы 27 шілдеде орын алуы ықтимал қауіпті ауа райы құбылыстары аталды. Атап айтқанда: найзағай, бұршақ, нөсер жаңбыр, қатты дауыл, +42°C дейін аптап ыстық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өздерімен бірге Қазақстан аумағының басым бөлігіне жаңбыр алып келеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, ел орталығында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - екпінді жел, оңтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман болады деп болжанады", делінген болжамда.
Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз мына өңірлерде қатты ыстық болады деп болжанады:
- Жетісу, Абай облыстарында, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында: +35...+39°C дейін,
- Павлодар облысында және Қарағанды облысының оңтүстігінде: +35...+36°C дейін.
Өте қатты жыстық мына өңірлерде күтіледі:
- солтүстік-батыста, Жетісу облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде: +41...+42°C дейін.
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық қосымша мынандай қауіп-қатершлерді ескертеді:
- өрт қаупі жоғары - Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Жетісу облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және Ұлытау облысында, Атырау өңірінің шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде.