Бір ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы қашан болады?

Кейінгі 100 жылдағы ең ұзақ Күн тұтылуы таңғажайып оқиғаға айналмақ. Астроном-ғалымдар бұл ғажайып құбылыс қашан болатынын және оны қай елдердің тұрғындары көре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Space порталының мәліметінше, "ғасыр тұтылуы" 2027 жылғы 2 тамызда болады.
Ол күні Ай мен Күн толықтай 6 минут 22 секундқа теңеледі. Бұл XXI ғасырдағы, 1991 жылдан бастап 2114 жылғы 16 шілдеге дейінгі аралықтағы, ең ұзақ толық Күн тұтылуы болмақ.
Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылғы 8 сәуірде Мексика, АҚШ және Канадада байқалған толық Күн тұтылуы бар болғаны 4 минут 28 секундқа созылған және ол да ерекше ұзақ саналған.
2027 жылғы 2 тамызда Күннің толық тұтылуы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы 11 елдің аумағынан өтеді. Атап айтқанда, Испания, Гибралтар, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр, Судан, Сауд Арабиясы, Йемен және Сомалиде анық көрінеді. Ал тұтылудың жартылай фазасы Африканың, Еуропаның және Оңтүстік Азияның басым бөлігінде байқалады. Солтүстік Америка сынды өзге аймақтарда ешқандай ерекше күн белсенділігі болмайды.
Space порталы жариялаған картаға сүйенсек, Күн толық тұтылатын елдердің қатарына Қазақстан да кіреді.