Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алты айда 54 сауда үйі пайдалануға берілді

Қазақстанда алты айда 54 сауда үйі пайдалануға берілді

Фото: https://www.istockphoto.com/
2025 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында Қазақстанда жалпы аумағы 87,3 мың шаршы метрді құрайтын 54 сауда үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 
Сауда нысандардың нақты құны 39,7 млрд теңгені құрады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Сауда үйлерінің ең көп саны Шымкент қаласында (15 нысан) және Қызылорда облысында (14 нысан) тіркелген. Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 39 мың шаршы метр болатын 60 супермаркет іске қосылған. Олардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге.
Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (21 нысан), сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында – әрқайсысында 12 нысаннан ашылды. Сондай-ақ, аталған кезеңде жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын 176 минимаркет пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны 11,2 млрд теңге болды.
Минимаркеттердің ең көбі Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстарында ашылған.
26 шілде 2025 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930