Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстанда 6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Биыл Қазақстанда 6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

2025 жылдың алғашқы бес айында елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жалпы көлемі 6 миллион шаршы метрден асатын жаңа үйлер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық.
Биыл Қазақстанда 6 млн шаршы метр тұрғын үй салындыФото: dom4.me
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы уақыт ішінде 12 мыңнан астам нысан ел игілігіне берілген. Оның ішінде:
567 – көпқабатты тұрғын үй,
11,4 мың – жеке үй,
16 – жатақхана.
Ең көп үй Астанада – 1,5 млн ш.м., Алматыда – 1,1 млн ш.м. және Алматин облысында – 463 мың шаршы метр салынған.
Ал құрылыс көлемі ең көп артқан өңірлер:
– Түркістан облысы (+25,5%),
– Шымкент (+23,4%),
– Алматин облысы (+20,4%).
Тұрғын үйдің 94%-дан астамы – жекеменшік құрылыс компанияларының үлесінде. Олардың қатарында қарапайым халық өз қаржысына салған 2,17 млн шаршы метр үй де бар.
Сонымен қатар еліміздегі құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 5 айда 15,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. Өсім 18 өңірдің бәрінде тіркелген.
Бұған дейін хабарланғандай, ипотекалық мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы шешім уақытша кейінге шегерілген. Қаржы реттеушісі банктерге жаңа талаптарға бейімделу үшін 1 қарашаға дейін мерзім берген.
21 маусым 2025 ж. 320 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031