Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер аяқты айқастырып отырудың зиянын айтты

Дәрігер аяқты айқастырып отырудың зиянын айтты

Фото: iStock
Аяқты айқастырып отыру әдеті уақыт өте келе денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін,деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы "Известия" басылымына берген сұхбатында невропатолог Ольга Зинчева ескертті.
Маманның айтуынша, адам денесі ұзақ уақыт бойы отыруға бейімделмеген. Ұзақ отыру кезінде тірек-қимыл жүйесіне күш артылып, омыртқаға шамадан тыс жүктеме түседі. Ал егер бұл жағдайда адам аяғын аяғына асырып отырса, жүктеме бірнеше есеге артады. Мұндай қалыпта омыртқа осі бұзылып, дененің симметриясы өзгереді: иықтар алға кетіп, кеуде еңкейіп, бел омыртқасы табиғи емес күйге енеді. Уақыт өте келе бұл омыртқааралық дискілердің протрузиясы мен жарығы, сондай-ақ спондилез және спондилоартроз сияқты күрделі ауруларға әкелуі мүмкін. Арқа бұлшықеттерінің шамадан тыс керілуі бел ауыруына, сіресуіне және қозғалыс шектеуіне себеп болады.
Сонымен қатар, дәрігер "аяқ үстіне аяқ асырып отыру" күйінде шыбық жүйкенің қысылуы немесе зақымдалуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде аяқтың көтерілуіне жауапты бұлшықеттердің әлсіреуіне алып келеді, адам қалыпты жүре алмай қалады.
Жұмысы ұзақ уақыт отырумен байланысты адамдарға маман тұрақты түрде қалыпты өзгертіп, тұрып, жеңіл жаттығулар жасауды ұсынады. Тіпті аяқтың орнын ауыстырудың өзі омыртқаға түсетін жүктемені азайтып, қан айналымын жақсартады. Егер бұл әдеттен бірден бас тарту қиын болса, маман дене қалпын жиі өзгертуге, дұрыс отыруға, арқа түзулігін бақылауға және кем дегенде сағат сайын орнынан тұрып серуендеп қайтуға кеңес береді.
Бұған дейін Қазақстанда медициналық қызметтер қымбаттайтыны туралы жазған едік.
25 шілде 2025 ж. 183 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031