Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер аяқты айқастырып отыру қауіпті екенін айтты

Дәрігер аяқты айқастырып отыру қауіпті екенін айтты

Ресейлік хирург-флеболог Армен Авакян аяқты бір-біріне айқастырып отыру денсаулыққа қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Ura.ru порталына берген сұхбатында маман мұндай әдет омыртқаның қисаюы және бел ауруларына, аяқтың ісуі мен варикоз тамырларының үлкеюіне әкелетінін айтты.
“Аяқты бір-біріне айқастырып отыруға болмайды, өйткені омыртқа қисайып, адам бүкірейіп жүретін болады. Омыртқаның осі ығысады да, арқа бұлшықеттеріне салмақ түсіп, ауыра бастайды», – дейді ол.
Сөзінше, бұл дағды омыртқааралық дискілерге шамадан тыс қысым жасайды және олардың тозуына ықпал етеді. Өз кезегінде ол арқадағы созылмалы ауруларды тудырады дейді дәрігер.
Авакянның айтуынша, үнемі осындай қалыпта отыру жалпы денсаулықтың нашарлауына және ортопедиялық аурулардың асқынуына әкеледі.
07 қыркүйек 2022 ж. 787 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031