Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ ескертеді: "Онлайн махаббатқа сенбеңіздер!"

ІІМ ескертеді: "Онлайн махаббатқа сенбеңіздер!"

Фото: freepik
Әрі күдік туындаса дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта ел тұрғындары өзінің жартысын іздеп жүрген шетелдік ретінде көрсететін алаяқтардың құрбаны болуда. Құқық қорғау өкілдері мұндай алдамшы онлайн махаббаттың соңы тек жабырқаулы жүз, жаралы жүрек және шаш етектен шығын екенін айтады. Әлбетте, әуелгіде жақсы қарым-қатынас, әсем сыйлықтар, әдемі романтикаға толы сөз, кездесу туралы бітпейтін уәде, үйлену, болашақ жайлы таусылмайтын арман-мақсаттар сөз болады. 
Көп ұзамай әңгіме қиындықтардың туындағанына ұласады. Түрлі сылтаумен ақшалай көмек сұралады, солайша қомақты қаржыға алдап түсіруге ұмтылады. Дәл осы секілді қылмыстық схема қазір көп жүзеге асып тұр. Мысалы, Астана қаласының тұрғыны өзімен интернет арқылы сөйлескен адамға тоғыз миллион теңгесін "ұстата" салған. 
– Интернеттегі алаяқтықтың негізгі белгілері: ғашықтық сезімін тез білдіру, бейнеқоңыраудан немесе жеке кездесуден бас тарту, аяныш сезімін тудырып, қиын өмірлік жағдайлар туралы баяндау, ақша, құжаттар немесе бағалы заттарды жіберуді сұрау, – деп мысал келтіреді құқық қорғау органдары. 
ІІМ бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, әрдайым ақпаратты мұқият тексеруге кеңес беріп отыр. Күдік туындаса, бірден 102 нөміріне хабарласуды да еске салады. 
22 шілде 2025 ж. 286 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 122

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031