Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық: Синоптиктер 17 өңірде ескерту жасады

Аптап ыстық: Синоптиктер 17 өңірде ескерту жасады

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. 
 
Фото: закон.кзФото: закон.кз

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да 20 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 20 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрып, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 20 шілдеде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 20 шілдеде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20 шілдеде кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 20 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 20 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Семейде 20 шілдеде түнде найзағай ойнайы деп күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 20 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 20 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 20 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 20 шілдеде батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Талдықорғанда 20 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

20 шілде 2025 ж. 47 0

Жаңа мешіт бой көтеруде

19 шілде 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031