Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа университет ашылады

Қазақстанда жаңа университет ашылады

Қазақстанда New York Film Academy-мен (NYFA) бірлескен жаңа жоғары оқу орны ашылады. Бұл туралы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды  egemen.kz
  «1,5 жыл Нью-Йорк кино академиясының филиалын Қазақстанда ашу үшін келіссөз жүргізілді. Өте қиын болды. Көптеген құжат жинадық. Бағдарлама дайын. Қазір Үкіметке арнайы хат жібердік. Енді Үкіметтің шешімімен Білім және ғылым министрлігінен лицензия алсақ жеткілікті», деді Арыстанбек Мұхамедиұлы You Tube-тағы Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында.
Жаңа университеттің жұмысы NYFA мен Қазақ ғылыми-зерттеу институтының арасындағы келісімшарт негізінде жүргізіледі. Оқу орнының ғимараты Алматыда салынады, оған «Қазақ кино және TV академиясы» деген атау беріледі.
«Студенттер келіссөз бойынша 1,5 жыл Алматыда, 1,5 жыл АҚШ-та оқиды. Академияның Лос-Анджелесте, Нью-Йоркта, Майамиде филиалдары бар. Оқуды аяқтаған соң New York Film Academy дипломы беріледі», деді директор.
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұл ЖОО ашылса, Қазақстанға АҚШ-тың ірі кинокомпаниялары келуі мүмкін.
«Елімізге шетелден студенттер келе бастайды. Себебі академияны Орта Азияда бірінші болып ашқалы жатырмыз. Оқытушылардың 90%-ы АҚШ-тан келеді», деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, New York Film Academy-дің АҚШ-тан бөлек, Франция, Италияда филиалдары бар.

26 сәуір 2021 ж. 1 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031