Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даму институттары инфляцияны тежеуге көмектеспек

Даму институттары инфляцияны тежеуге көмектеспек

Фото: KZgovernment
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналисттердің бірі несие пайызының неге жоғары екеніне қатысты сұрақ қойды. Оған экономика саласына жауапты вице-премьер Серік Жұманғарин жауап берді.
«Ешқандай жасыратыны жоқ, Үкіметтің мақсаты – экономикалық өсім. Ол 6-7% көлемінде. Ал Ұлттық банктің мақсаты – инфляцияны тежеу. Оны 5% шамасында ұстап тұру. Кейбір кезде осы екі саясат бір-біріне қайшы келіп жатады. Таяуда базалық мөлшерлеме көтерілді. 16 жарым пайыз боп белгіленді. Сол себепті нақты секторға кредиттердің берілуі шамалы қиындап жатыр. Өйткені, 20-22%-бен бір бизнес жобаны көтеру өте қиын. Бірақ тұтынушы секторға ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Сондықтан да Үкімет шешім қабылдады. Оны жаңа Олжас Абайұлының өзі де атап өтті. Біз даму инститтарымызды одан әрі дамытқалы отырмыз. Мәселен, бас даму институтымыз «Бәйтерек» ұлттық холдингіне ақша құйып жатырмыз. Биыл 1 трлн теңге бөлінді. Ол бізге ішкі-сыртқы нарықтардан тағы да қосымша 7 трлн теңге тартуға мүмкіндік береді. Осылайша қаражат көлемі 8 трлн теңгеге жетеді. Оның 4 трлн-ы теңгемен 12,6%-бен беріледі. Ол негізінен экспорттық жобаларға жұмсалады. Бұл өз кезегінде біздің Ішкі жалпы өнімнің 1,3%-ға өсуіне әсер етпек. Осы жұмыстарды тұрақты жалғастыра отыра инфляцияны 8-10% көлемінде және одан төмен деңгейде тұрақтандыру мақсатымыз бар. Сол кезде, менің ойымша, Ұлттық банк те базалық мөлшерлемені төмендету бағытында қайта қарайтын болады деп сенеміз», – деді ол.
15 шілде 2025 ж. 346 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 108

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031