Қазақстан экономикасындағы кредиттің 54%-ы халықтың мойнында
Ұлттық банктің мәліметі бойныша, Қазақстан экономикасындағы кеңейтілген мәндегі кредиттің жалпы сомасы 2024 жылдың 1 мамырынан бері 22% ұлғайып, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 43,7 трлн теңгеге жеткен.
Фото: shutterstock
Бұл соманың 46%-ы немесе 20,1 трлн теңгесі қаржылық емес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бизнес кредиттеріне берілген. Қалған 23,6 трлн теңге немесе 54%-ы — халықтың мойнындағы кредиттер.
— Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 39,6 трлн теңгені (90,5%), шетел валютасында — 4,1 трлн теңгені (9,5%) құрады. Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,6%-ына тең, — деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.
Бұл жердегі кеңейтілген мәндегі экономикаға берілген кредит ұғымы кредиттер бойынша нақты берешектің қалдығы туралы мәліметті білдіреді. Оған:
• банк секторы (екінші деңгейдегі банктер, «Отбасы банкі» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қоса алғанда);
• ипотекалық ұйымдар («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» АҚ);
• квазимемлекеттік сектордың басқа субъектілері (нақты секторға кредит беруді жүзеге асыратын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға еншілес «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ);
• микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар берген несие борыштары жатқызылған.
Бұған дейін Қазақстан халқы микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге несие қарыз екенін жазған едік.