Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

Фото: Үкімет
Вице-премьер Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң арнайы брифингте банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұманғарин жаңа салық кодексінің ішінде коперативтің табыс салығына дифференциация жасалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе - 20%. Вице-премьер бұл қадам нақты секторға қаражат салуға ынталандыратынын айтты. 
Сонымен қатар жаңа салық кодексінде барлық облегацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облегациялар 2031 жылға дейін салықтан босатылған.
«Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. Оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Мөлшерлеме деңгейі - 12,6 пайыз. Сонымен қатар екі кепілдік қоры ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңге болатын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», – деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, бүгін, 15 шілдеде Астанада премьер-министр Олжас Бектенов пен оның төрт орынбасары журналистер алдына шықты.
15 шілде 2025 ж. 336 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 108

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031