Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қараусыз мал – қауіптің басы

Қараусыз мал – қауіптің басы

Қазалы аудандық полиция бөлімі аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бөлімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданға қарасты ҚАЗ06 "Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент" тас жолында қараусыз жүрген үй жануарлары көлік қозғалысына үлкен қауіп төндіруде.
Көлік апатына себеп болатын жағдайлардың салдары немен аяқталатыны айтпаса да белгілі. Алайда жауапкершілікті сезінбей, малын қараусыз қалдыратындар қатары азаймай тұр. Аудандық полиция бөлімі орын алып жатқан осындай жайсыз жайттардың жиілеуі жануарларды қараусыз қалдырған жандардың тәртіпке бағынбауынан болып жатқанын айтады. Тіпті қарапайым ережелерге құлақ түрмейтіндер де табылады екен. Мұндайда аудандық полиция бөлімі жауапкершілік мал иесінің мойнында екенін ескертіп, табынға қосылмай, қараусыз жүретін түлік иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
– Бүлінген көлік, арандаған мал, денсаулыққа келтірілген зиян – мұның бәрі үй жануарларын қағып кететін жол-көлік оқиғаларынан салдарынан болады. Жылқы мен сиыр көбінесе қала сыртындағы жолдарда және темір жол маңында жиі жүреді. Түнде және таң ата жолда қараусыз жүрген малдың көлікке соғылу қаупі жоғары. Сондықтан алыс сапарларға жолға шығар алдында автокөліктеріңіздің жарық шамының техникалық жай-күйін тексеріп, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы 1-бөлігіне сәйкес ауыл шаруашылық жануарларын жаю қағидаларын бұзған, яғни иелігіндегі үй жануарларын (сиыр, жылқы, қой-ешкі) қараусыз бос жіберген тұрғындарға әкімшілік шара көрілетіндігін ескертеміз. Тұрғындарға малды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздікке салғырттық танытпаса екен дейміз. Өйткені бұл тек заң талабынан емес, адамгершілік тұрғыдан да маңызды,– дейді аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жоғарыда аталған бап бойынша еркін жайылуға жол берген мал иелері мен бақташылар құқық бұзушыларға айналады. Бап үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды көздейді. Егер қараусыз жануар жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiрсе, онда 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды. Сондықтан әрбір тұрғын мал ұстау мәдениетіне мән беріп, жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Түйіндей келе, «Қараусыз мал – қауіптің басы» деген сөз жай ғана ескерту емес, шынайы қауіптің алдын алатын нақты ұстаным. Қауіпсіздік – әркімнің өзінен басталады.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ

15 шілде 2025 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031