Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғалымдары Айдың арғы бетінің құпиясын ашты

Қытай ғалымдары Айдың арғы бетінің құпиясын ашты

Фото: pexels.com
Қытайлық ғалымдар Айдың арғы бетінің мантиясы туралы тың мәліметтер ұсынды. Chang’e-6 миссиясы аясында Жердің табиғи серігінің оңтүстік полюс аймағынан жеткізілген үлгілерді зерттей отырып, олар Ай мантиясының қайта балқу ықтималдығын анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Chinese Academy of Sciences (CAS) ресми мәлімдеді.
Ай реголитіндегі ерекше заттар табылды
Зерттеу барысында ғалымдар Айдан жеткізілген реголит үлгілерін талдап, оның құрамында Ай мантиясына тән емес заттардың бар екенін анықтаған.
Бұл мантияны түзген ежелгі жыныстарда бастапқыда бұл элементтердің аз мөлшері болғанын немесе олар кейіннен, Айға аса ірі астероид соғылған кезде, мантия қайта балқып пайда болғанын көрсетеді, – делінген CAS хабарламасында.
Ай мантиясының тарихындағы алып соқтығысу
Бұған дейінгі зерттеулер Ай мантиясының шамамен 4,25 миллиард жыл бұрын ірі ғарыштық денемен соқтығысқаннан кейін қайта балқуы мүмкін екенін көрсеткен. Бұл оқиға кезінде триллион ядролық бомбаның қуатына тең энергия бөлініп, Айдың геологиялық құрылымы мен термиялық эволюциясына ұзақмерзімді әсер еткен.
CAS мамандары бұл гипотезаны растай отырып, ерекше заттар Ай мантиясында бастапқыдан бері болған болуы да ықтимал екенін жоққа шығармайды.
Айдың бізге көрінетін жағы мен арғы беті неге ерекшеленеді?
Айдың арғы бетінің ерекшеліктерін зерттеу Қытайда ғана емес, Жапония, Германия және Нидерланды ғалымдары тарапынан да жалғасуда. 2024 жылдың маусым айында Эхиме университетінің (Жапония) ғалымдары әріптестерімен бірлесіп, луналық жыныстардағы галогендердің, соның ішінде хлордың аз концентрациясын зерттеу арқылы Айдың екі беті арасындағы айырмашылықтың себебін анықтауға тырысқан.
Моделдеу нәтижелері бойынша, Айдың арғы бетіндегі кейбір жыныстар мантияның терең қабаттарынан шығып, ежелгі магмалық мұхиттың іздерін сақтап қалған.
Бұл зерттеулер Айдың геологиялық құрылымы мен тарихына қатысты жаңа деректер беріп, планетология саласындағы маңызды ашылымдардың біріне айналып отыр.
Бұған дейін ғалымдар Жерге ұқсас ғаламшар тапқаны туралы жазған едік. 
11 шілде 2025 ж. 156 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 131

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031