Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі отбасылар өрге озды

Өнерлі отбасылар өрге озды

Жуырда «Бір шаңырақ астында» атты жас отбасылар арасында өнер фестивалі өтті. Әйтеке би кенттік мәдениеті үйі және аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырған бұл шарада ән-би жанры бойынша отбасылар өнерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, бұл фестиваль отбасыларды ұйымшылдыққа ұйыстырады.
Ашық аспан астында өткен бұл шарада отбасылар арасында сыйластық пен жарасым орнады. Олар бір-біріне жанкүйер болып, бірліктің берік үлгісін көрсетті.
Тағылымға толы фестиваль соңы сараланып, отбасылар арнайы бағамдар бойынша марапатталды. Өнерлі отбасылар үзеңгі қағыстырған шара нәтижесі бойынша «Үздік отбасы» бағамына өзгелерден дараланған «Көпжасаровтар» отбасы ие болды. Ал «Үлгілі отбасы» бағамы «Айдаровтар» отбасы алды. Сондай-ақ тапқырлығымен көпті тәнті еткен «Тойбазаровтар» отбасы «Креативті отбасы» бағамын еншіледі. «Бақытты отбасы» бағамы «Аралбаевтар» отбасына берілді.
Ал фестиваль барысында баршаға ерекше көңіл-күй сыйлаған «Нағыметовтер» отбасы «Ең көңілді отбасы» деген бағамға лайық деп танылды. Шуақты шарада талантымен танылған «Есенқұловтар» отбасы «Өнерлі отбасы» бағамын қанжығаға байлады. Ал ұйымшылдықты ұстаным еткен Ердесовттар отбасы «Ұйымшыл отбасы» деген бағамға ие болды.
Осылайша, бір ортада отбасылар бас қосқан мазмұнға бай маңызды шара қорытындыланып, қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
09 шілде 2025 ж. 241 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031