Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы министрлігі етті құжатсыз сататындарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі етті құжатсыз сататындарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Фото: freepik.com
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров малды жосықсыз жеткізушілер мен ветеринариялық құжатсыз мал өнімдерін сатып алушыларға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр ауылшаруашылығының барлық ақпараттық жүйесін біріктіретін платформа әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы жануарларының бүкіл өмірлік циклін автоматтандыру Ауылшауаршылығы базасын бірдейлендіру базасында 7 қосымша сервис арқылы жүргізіліп жатыр.

Әрбір жануарға жеке нөмір беріледі, барлық дерек пен ветеринарлық рәсім тіркеледі. Фермерлер мен ветеринарлар электронды сервисті пайдалану арқылы уақытын үнемдеуге, қатерлер қаупін азайтуға мүмкіндік алады.

"Алайда бұл шаралар тек мал иелері тарапынан жануарларды толық тіркеу жағдайында ғана іске асады. Осыған байланысты жануарлардың тіркеуін бақылауды күшейту, сондай-ақ ветеринариялық құжатсыз өнім алмасуға қатысты жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату қажет", – деп мәлімдеді ведомство басшысы Айдарбек Сапаров.

Министр ветеринарияны одан ары трансформациялау заңға қажет өзгеріс енгізу арқылы жүргізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, саланы толық цифрландыру, тауарлар қозғалысы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту, аудан әкімдіктерінің ветеринария бойынша құзыреттілігін арттыру көзделіп отыр.
08 шілде 2025 ж. 1 160 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031