Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жол апатынан көз жұмғандар саны азайып келеді

Елімізде жол апатынан көз жұмғандар саны азайып келеді

Дегенмен 2024 жылы көлік апатының саны екі есеге көбейіп кеткен
[media=]

Жол-көлік апатынан алған жарақаты жазылмай, ажал құшатындар 19 пайызға азайған. Бұл елдегі кейінгі 5 жылдың көрсеткіші, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өлім деңгейінің төмендеуі әсіресе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында тіркелген. Мамандар оның үстіне, жол апатынан болатын жарақаттардың артуына алаңдап отыр.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы елде 31 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Ал бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. 
«Халықаралық зерттеулерге сәйкес, қозғалыс жылдамдығын арттыру апат салдарының ауырлығына тікелей әсер етеді. Жылдамдықты небәрі 1 км/сағ арттыру адамдар зардап шегетін апаттың болу ықтималдығын 3%-ға, ал өліммен аяқталатын апат қаупін 4-5%-ға арттырады. 80 км/сағ жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен жағдайда, оның қаза болу ықтималдығы 90%-дан асады. Қалада жылдамдықты 60-тан 50 км/сағ-қа дейін төмендету жаяу жүргіншілер өткелдерінде болатын өлім-жітімді 30-40%-ға азайтуға мүмкіндік береді», - деді «Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК директоры Олжас Бекарысов.


05 шілде 2025 ж. 168 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031