Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданнан аймаққа арнайы сый

Ауданнан аймаққа арнайы сый

Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына биыл 100 жыл толып отыр. Тарихы тереңнен тамыр тартатын шаһар қазір жанданып, жаңадан ғажайып кейіпке енді. Жолдар жаңарды, еңселі ғимараттар сап түзеді. Көз тартар көркем жерлердің көкжиегі кеңейді. Экономика жақсарды, аймақтың әлеуеті артты.
Тау мен тасын төңкере қалсаң тарихтан сыр шертетін Сыр елінде думанды той. Себебі Қызылорда қаласының астана болғанына тура 100 жыл толды. Айтулы мерекеге орай, аймақты ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, қалада бірнеше күннен бері «Тарихтың таңбасы - рухтың ордасы - Қызылордам» облыстық өнер байқауы өтуде. Бұған дейін облыс орталығында Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарының өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, жақында Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары қазалылық өнерпаздардың өнер шашқан керемет кешін тамашалады.
Қазалылық өнерпаздардың мерекелік кешін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Өнер байқауында ән әлемінің падишасы атанған Роза Бағланова, Мәдина Ералиева мен Кеңес Дүйсекеев шыққан киелі өнер қонған өңірдің өнерпаздары қызылордалықтарға ерекше мерекелік кеш сыйлады, ән мен жырдан шашу шашты. Сонымен қатар орталық алаңда қазалылық қолөнершілердің арнайы көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде Қазалыда жасалатын өнімдер қойылды.
Айнұр ӘЛИ
05 шілде 2025 ж. 379 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930