Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аяқталды

Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аяқталды

Осы жылдың маусым айының 30-ы күні көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аяқталады. Осыған сәйкес, 700-ден астам қызылордалық ер-азамат еліміздің ҚР Қарулы күштерінде және басқа да әскери құрылымдарында Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жасақтау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, подполковник Жасұлан Шанкұлов хабарлады.
«Сыр елінің азаматтарын көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары күні ертең аяқталатын болады. Қазіргі таңда азаматтарды әскери қызметке жіберу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Оның ішінде азаматтарды медициналық және психологиялық тексерістерден толықтай өткізіп, іріктеудеміз. Ерекше айта кететін жәйт, Отан алдында өз борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орындарына ақысыз, ҰБТ тапсырусыз түсе алады. Бұл ретте үздіктердің үздігі атанған сарбаздар жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болады. Бұдан бөлек, әскерге дейінгі несиесі бар азаматтардың берешегі 13 ай көлемінде уақытша тоқтатылатын болады», - деді Жасұлан Шанкұлов.
30 маусым 2023 ж. 414 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031