Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұл балаларды АПВ-ға қарсы вакцинациялау: мерзімі белгілі болды

Ұл балаларды АПВ-ға қарсы вакцинациялау: мерзімі белгілі болды

Фото: depositphotos.com
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда ұл балаларды адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы ерікті вакцинациялау жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Сенат дәлізінде вице-министрден Қазақстанда қыздарға ғана емес, ұлдарға да АПВ-ға қарсы вакцина салу қашан басталатыны сұралды.
"Былтырдан бастап қыздарды АПВ-ға қарсы еге бастадық, бұл - өте қорқынышты диагноз. Болашақта жатыр мойны обыры немесе басқа да онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Ұл балаларға қатысты мәселе қарастырылып жатыр. Бүгінде оны Үкімет аясында пысықтап жатырмыз. Алдын ала мәлімет бойынша шамамен бір жылдан кейін бұл жұмысты бастау жоспарланып отыр", - деп жауап берді Тимур Сұлтанғазиев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ұл балаларға да вакцина салу ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

26 маусым 2025 ж. 253 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031