Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымды кездесу танымды арттырды

Тағылымды кездесу танымды арттырды

Жақында ауданыда қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызымен кездесу өтті.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бастамасымен жүзеге асқан «Берекелі отбасы» тақырыбындағы шараға аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, аудандағы түрлі мекемелерде қызмет атқаратын қыз-келіншектер, аудандық әйелдер және аналар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, батыр аналар, аудан жастары қатысты.
Шараны алғысөзімен ашқан аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиев отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрімізді дәріптеу ел дамуының ажырамас бөлшегі, берекелі бастауы екендігін айтып, ауданда нәзікжандылар атқарған ауқымды істерді тілге тиек етті.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында өзіндік орны, өмірлік тәжірибесі бар Оразкүл Асанғазықызы қоғамда отбасы институтының әлсіреуінен кездесіп жатқан олқылықтар туралы кеңінен ой қозғады.
Жаһандану әсерінен жұтылған жауһарларды қайта қалпына келтіріп, діні мығым, діңі берік ұрпақ қалыптасыруда аналардың орны жоғары. Қайшылықтар мен жаман әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыратын ұлттық құндылықтардың маңызы, салт-дәстүр, тіл, сыйластық, тәрбие, халық ауыз әдебиетінен бастау алатын төл әдебиетімізді мақсатты пайдалану жайы сөз болды. Отбасы жауапкершілігі, әйелдің қоғамдағы орны, даму сатысы жайлы келушілер құнды ақпараттарға қанықты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алмасұлы Оразкүл Асанғазықызына аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, дәстүрге сай оқалы жеңісіз кигізіп, жаулық жапты.
Алтын МЕЙІРХАНОВА
21 маусым 2025 ж. 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30