Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды міндеттер жүктелді

Маңызды міндеттер жүктелді

Жуырда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте есепті кезеңдегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, барлық сала бойынша белгіленген межелердің толық орындалуы және ауданымызға қаралған қаржыны заңдылықтарға сәйкес мақсатты игеру мен салық базасын ұлғайту жұмыстары, сондай-ақ күн тәртібінен түспейтін тазалық мәселелері қаралып, тиісті сала басшыларына қатаң тапсырмалар жүктелді.
Мәжілісте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап 5 айдың қорытындысымен көрсеткіштердің орындалуы мен қаржыны игеру бағытындағы жұмыстарды баяндаса, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Қайрбаев салық базасын ұлғайту, жергілікті бюджет түсімдерінің резервтерін анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндады.
Баяндамашылардан кейін аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы өңіріміздің негізгі көрсеткіші болатынын айтып, қазынадан бөлінген әр теңгені тиімді пайдалану мен бюджеттен бөлінген қаржыны заңдылықтарға сәйкес дер кезінде және тиісті мақсатта игеру басты міндет екенін айтты. Осыған сәйкес аудандық статистика басқармасымен, жауапты орындаушылармен бірлесіп, әрбір көрсеткіш бойынша оң нәтижелерге жету үшін уақытылы талдау жасау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар басқа да жауапты басшыларға жауапкершілік танытып, өздеріне тиесілі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді ескертті.
Мәжілісте аудан басшысы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сыртта жүрген кәсіпкер жерлестерді жергілікті жерге тіркету бойынша жұмыстарды әлде де жандандыру қажеттігін және барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен аудандық полиция бөлімі мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе отырып көлік салығы бойынша берешектерді өндіру жұмыстарында жеделдетуді жөнінде тапсырма берді.
Жиын соңында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін жеткізді. Осыған орай аудан орталығы мен ауылдық округтер бойынша тазалық жұмыстарына байланысты анықталған кемшіліктерді қатаң сынға алып, шұғыл қалпына келтіріп, әрбір аймақ бойынша тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 маусым 2025 ж. 113 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30