Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп пен заң – тұрақтылық тетігі

Тәртіп пен заң – тұрақтылық тетігі

Қоғамдағы өзара қатынастарды реттеп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін қағидалар –заң мен тәртіп. Заң – мемлекеттің азаматтарының құқығы мен міндеттерін белгілеп, әркеттерін реттейтін ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, негізігі құралы болса, тәртіп – олардың орындалуын қамтамасыз ететін жүйе. Екеуінің оң үйлесім табуы қоғам дамуы, азаматтар қауіпсіздігі мен бостандығына негіз.
Жақында Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» «Заң және Тәртіп – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті.
Келелі кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Абзал Құспан, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, қала, аудан, ауыл әкімдері, жергілікті мәслихат дептутаттары, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Аудандардағы активтері жиынды онлайн режимде тамашалады.
Облыс прокуроры Ризабек Ожаров күн тәртібіндегі мәселелені таныстырды.
Алғаш болып сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екендігін, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен жүзеге асатынын атап өтті.
Өңірде құқықтық мемлекетті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ұмтылыс ұлғайған. Бұл бағытта мемлекеттік бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз ету шаралары аясы кеңіген.
Н.Нәлібаев аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірлескен маңызды міндеттерді де санамалады.
«Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді.
Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда облыс прокурорымен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алып, жаңа бастамаларға үздіксіз қолдау көрсетіп келеміз.
Құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген кешенді әрі үйлесімді шаралардың нәтижесінде өңірімізде ахуал тұрақты. Статистикалық ақпараттарды салыстырмалы түрде қарасақ, аймақта 2015 жылы 6 мыңға жуық қылмыс тіркелген болса, нақты жұмыс нәтижесінде бұл көрсеткіш 1158-ге дейін азайды. Соңғы үш жылда құқық бұзушылық көрсеткіші едәуір қысқарды. Бүгінде Қызылорда облысы республикадағы ең төменгі позицияда, яғни 20 өңірдің ішінде 19-шы орындамыз. Біздің міндет – тек көрсеткішті ғана емес, құқық бұзушылықты тұрақты түрде төмендету.
Нәтижелі жұмыс бірлескен әркеттердің үздіксіз жүргізілуіне тікелей байланысты. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың алдын алу шаралары жанданып, заң мен тәртіпті қадағалаушы органдар жұмыстары ұдайы назарда», – деді.

Тәртіпті сақтау құрық қорғау органдары міндеті болса, заңға бағыну әрбір азаматтың міндеті екендігін атаған аймақ басшысы полицейлерге қатысты қоғамдық пікірлерді де назардан тыс қалдырмады.Бұл тұрғыда санасы сергек, өз қызметінеп адал, ісін тиянақты атқаратын кәсіби азаматтарды қолдауымыз маңыздылығын жеткізді. Ол жерлестеріміздің қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау негізі.
Облыста жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілген.
«Өңірде 333 шақырым жолдар мен көпір өткелдері салынып, жөндеуден өтікізілуде. Осы жұмыстар арқылы жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 95 процентке дейін жеткіземіз. Жол бойындағы құқықбұзушылықтарды азайту үшін полиция қызметі жедел, әрі нәтижелі жұмыстарды күшейту керек. Қоғамда жол қауіпсізігін сақтауды насихаттайтын ақпараттық шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып, заманауи технологияларды қолдану арқылы жаңа әдістерді енгізу маңызды», – деді мәлімдемесінде аймақ басшысы.
Жаңа технологиялар көмегімен жүзеге асқан алаяқтық амалдарын құрықтауға басымдық беріп, оны болдырмауға сергек қарауға шақырды.
«Түрлі гаджеттер мен смартфондағы бағдарламалар көмегімен жасалатын алаяқтық, кибершабуыл схемалары сәт сайын өзгеріп, жаңаруда. Қаржы пирамидалары, лудомания, интернет буллинг азаматтарды қиын жағдайда қалдыруда. Киберполицейлерді ендіру – заман талабы. Құқық қорғау органдары қолда бар ресурстармен шектелмей, қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қоятын жаңа тетіктерді дамытуы тиіс. Осы бағыттағы қылмыстарды анықтауда жасанды интеллектті пайдалану – орнықты шешімнің бірі. Өткен жылы облыстық прокуратура тарапынан ұсынылған бастаманы қолдап, алаяқтықпен күресуге жасанды интеллект мүмкіндіктері жұмылдырылды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 85 миллион теңге бөлініп, 4 арнайы ақпараттық талдау бағдарламасы сатып алынды. Адам өміріне қауіп төндіретін қылмыстардың ішінде есірткі мен нашақорлық әрекеттері ерекше көңіл аударуды қажет етеді, – деген Нұрлыбек Мәшбекұлы.
Соңғы жылдары полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 миллиард теңгеге бөлінген. Аудандарға 2 миллиард 200 миллион теңге болатын 539 бейнебақылау, 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылған. Замануи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа полицей автокөлігі пайдалануға берілген. Биыл олардың қатары тағы 31 қызметтік автокөлікпен толықпақ.
Республикада алғашқы болып барлық ауданындардың полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары жұмысы іске қосылған.
Ашықтық қағидатына сай, қала, аудандарда құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрақты қоғамдық қабылдаулар өткізілу жолға қойылған. Бұл жэұмыстар жергілікті тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімділігін арттырып, әділетті қоғам құруға тың серпін беруіне септеседі.
Заңды құрметтеу, басқалардың құқықтарын бұзбау, өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу – тәртіптің негізі. Тәртіпсіз қоғамда заңдар дұрыс жұмыс істей алмайды. Қылмыс деңгейінің артуы мемлекеттік органдардың жұмысын әлсіретіп, тұрақсыздық туындатады. Сондықтан заң мен тәртіптің рөлі маңызды. Оларды сақтау тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартады. Даму мен әділеттіліктің кепілін дұрыс ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет. Қазақстан Респбуликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», –Бұл жаңа қоғамдық келісімнің қалыптасуына бастайтын қағида.
Жиында сөз сөйлеп, форумға сәттілік тілеген Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Абзал Құспан пкірлері осыны ұғындырды.
Бұл күні құқық бұзушылықтардың алдын алу, киберкеңістіктегі заңсыз әрекеттердің жолын кесуге үлес қосқан бір топ азаматтар облыс әкімінің бағалы сыйлығы, облыс прокурорының Алғыс хатымен марапатталды.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
21 маусым 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30