Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр қазақстандықтар жеміс пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынған — Ұлттық статистика бюросы

Былтыр қазақстандықтар жеміс пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынған — Ұлттық статистика бюросы

Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде І тоқсандағы азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша жиналған деректерді жариялады.
Фото: pixabay.com
Мәліметке сай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынудың ең жоғары өсімі жемістер (+3,5%), балық және теңіз өнімдері (+2,2%) екені байқалған. Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орта есеппен бір айда тұтынуы: картоп — 3,7 кг, 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 2,3 кг, сиыр еті — 2 кг, алма — 1,6 кг, құмшекер — 1,5 кг, күріш — 1,3 кг, шикі сүт — 0,9 л, жұмыртқа — 17,1 дана, макарон өнімдері — 0,9 кг, енді ауланған немесе салқындатылған балық — 0,6 кг құрап отыр. Өңірлер арасында нан өнімдері мен жармаларды тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары (жан басына шаққанда айына 14,1 кг), ең аз тұтыну Маңғыстау облысында (жан басына шаққанда айына 7,9 кг).
Еске сала кетейік, бұған дейін стат бюро биыл пошта мен курьерлік қызметтен 35,4 млрд теңге түскенін хабарлаған еді.

19 маусым 2025 ж. 195 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930