Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Яндекс тамақ» және тағы басқа қызметтерден тарайды: Мәдиев хакерлік шабуыл туралы айтты

«Яндекс тамақ» және тағы басқа қызметтерден тарайды: Мәдиев хакерлік шабуыл туралы айтты

Фото: SecuriXy.kz
Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев 16 млн қазақстандықтың дерегінің таралуы бойынша жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасұлан Мәдиевтің сөзінше, 16 млн қазақстандықтың дерегі көбіне «Яндекс тамақ» және басқа ресейлік қызметтерден тарайды.
«Мәселен «Яндекс тамақ» қызметін алайық. Оның Қазақстандағы штаты үлкен. Жеке деректерді қорғауға келетін болсақ, олар да бағынады. Олар үшін деректерді қорғауда қандай да бір ерекшелік  жоқ. Ал ірі дербес дерек иелері хакерлік шабуылға жиі ұшырайды», – деді цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев. 
Министрдің айтуынша, осы жағдайдан кейін қазір бір миллионнан астам азаматтың деректерін өңдейтін операторларға арналған міндетті киберсақтандыруды енгізгелі жатыр. Сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйелерді аса маңызды инфрақұрылым нысаны етуді жоспарлап отыр. Бұл қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Сөз соңында министр ресейлік қызметтерге наразылығының жоқ екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 15,8 миллион ЖСН, 17 миллион телефон нөмірі, мекенжай мен өзге де қазақстандықтардың жеке деректері ғаламторға ашық шығып кеткен еді.
18 маусым 2025 ж. 291 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930