Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?

Қазақстандағы ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?

Фото: depositphotos.com
Биыл қаңтар-сәуір аралығында елде 124,5 мың пәтер мен үй сатып алынған, бұл былтырмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Tengrinews.kz пен Ranking.kz жасаған сараптамаға сүйенсек, ең қымбат пәтер Алматы мен Астанада.
Биыл сәуірде оңтүстік мегаполистегі жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр орташа есеппен 621,4 мың теңгеге, қайталама нарықтағы бір шаршы метр 649,6 мың теңгеге жеткен. Бұл - жаңа үйдегі 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер 31 миллион теңге, қолданыстағы тұрғын үйлердегі дәл осындай пәтер 32,5 миллион теңге тұрады деген сөз. Астанада жаңа тұрғын үйдегі осындай пәтерді 29,8 миллион теңгеге, қайталама нарықтағы пәтерді 33,2 миллион теңгеге сатып алуға болады.
Сәуірде тұрғын үйдің орташа бағасы ең жоғары өңірлер рейтингіне Атырау, Шымкент және Семей кірген. Бұл қалалардағы жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр 450 мың теңгеден жоғары, ал қайталама нарықта 420 мың теңгеден асады.

Қай қалаларда арзан?

Биыл көктемде өңірлер арасында Оралда (284,1 мың теңге), Ақтөбеде (289,7 мың), Көкшетауда (332 мың) жаңа пәтерлер мен үйлер арзан болған. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үй Ақтөбе, Көкшетау (333 мың теңгеден) және Қызылордада (217,4 мың) ең төмен бағамен сатылған.

18 маусым 2025 ж. 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031